Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Теңіз кен орнында жұмысшы қаза тапты

Теңіз кен орнында жұмысшы пневматикалық сынақ кезінде көз жұмды. Қайғылы оқиға 24 тамыз күні Өркен вахталық лагерінің аумағында болған, деп хабарлайды  baigenews.kz .

ТШО-ның қосалқы мердігері «Infra Del Project» ЖШС (КТР мердігері) пневматикалық ағып кетуді тексеру барысында шланг істен шығып, жұмысшыны қағып кеткен. Салдарынан жұмысшы қаза тапты.

Қазір кен орнында барлық жұмыс тоқтатылып, компания қызметкерлері лагерьге жіберілген. Аталған жайтқа байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT