Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тауар нарығын монополиясыздандыруды 2025 жылға қарай аяқтау ұсынылады

Газ бағасын мемлекеттік реттеуді сақтау. Бұл ретте, осындай квоталарды қалыптастырудың айқын және ашық критерийлерін айқындай отырып, ішкі нарыққа газ жеткізуді квоталау тетігін енгізу қажет.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов тауарлық газ нарығындағы бәсекелестікті арттыру туралы ұсыныстарын Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл нарықты кезең-кезеңімен қайта реттеу биржада тауарлық газды өткізу көлемін ұлғайту арқылы жүзеге асырылатын болады.

«Бұл инвестициялар тарту және туындаған тапшылық жағдайында газ өндіру көлемін ұлғайту үшін қажет. Тауарлық газды сатып алуға және оны ішкі нарыққа өткізуге «QazaqGaz» айрықша құқығын жою. Оның «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ атынан тауарлық газды бөлшек саудада өткізу нарығынан кетуі. Осылайша, тәуелсіз бөлшек газ жеткізушілеріне тауарлық газды магистральдық және тарату желілері арқылы тікелей сатудың бұрын қолданыста болған тетігі ұсынылады. Бұл баға белгілеуден ұлттық оператордың, газды бірыңғай сатып алушының жоғарыда аталған монополиялық шығындарын алып тастауға, оның бәсекелес аралас тауар нарықтарына – құрылыс-монтаждау жұмыстарына, биллингке, көлікке теріс әсерін жоюға мүмкіндік береді. Ұлттық оператордың экспорттық кірістерінен ішкі нарықты субсидиялау тоқтатылғаннан кейін 2025 жылға қарай осы тауар нарығын монополиясыздандыруды аяқтау ұсынылады», - деп атап өтті спикер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521