Ағымдағы жылғы 14-16 қаңтар аралығында жолаушылар тасымалы саласындағы заңнаманы сақтау және олардың қауіпсіздік деңгейін арттыру бағытында Қызылқоға ауданы көлемінде «Тасымалдаушы» республикалык жедел-профилактикалык іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға бакылауды күшейту, жеке адамдар тарапынан жолаушылар мен жүкті заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау.