1 млн тонна бидай, 300 мың тонна ұн.
Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия экспортқа арналған квотаның осындай көлемін белгіледі. Шешім 1 сәуірде қабылданып, 15 сәуірден бастап күшіне енеді. Сонымен қатар, экспортқа қойылған шектеу маусымның ортасына дейін жарамды болады.
Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, бұл шара ішкі нарықта тапшылықтың туындауына және ұн тарту кәсіпорындарына түсетін жүктеменің артуына жол бермеу мақсатында қабылданды.