Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Талтүсте отқа оранған «УАЗ»

Дүйсенбі күні Миялы ауылында төтенше жағдай орын алды.

Артынша аудандық төтенше жағдайлар бөліміне хабарласқанымызда бөлім инженері, азаматтық қорғау майоры Ақнұржан Ақжігітов болған оқиғаны баяндап берді.

– 2020 жылдың 17 ақпан күні 11 сағат 21 минутта Миялы ауылындағы №10 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Т. Қарабаллин көшесіндегі №21 үйдің ауласында «УАЗ-2206» автокөлігі өртеніп жатқаны жайлы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер дер кезінде отқа оранған автокөлікті сөндіріп, үй иесінің тұрғын үйі мен көлік жайын аман алып қалды. Бір қуанарлығы – өрттен зардап шеккендер жоқ. Өрт автокөліктің сынған темірін дәнекерлеру кезінде тұтанған. Көлік Миялы ауылы тұрғынының меншігі, – деді.

Ал, Миялы ауылдық округінің учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Айбек Сәрсенғалиев оқиға абайсызда орын алғанын, көлік иесінің ешқандай талап-арызы болмағандықтан қылмыстық іс қозғалмағанын жеткізді.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521