Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тальго пойыздарында ақпанның соңына дейін жеңілдікпен жүруге болады

Жолаушылар 2022 жылдың ақпан айының соңына дейін "Тальго" коммерциялық пойыздарына жеңілдікпен билет ала алады, - деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

28-ден 51 пайызға дейінгі жеңілдікпен осы айдың соңына дейін мына бағыттар бойынша билет алуға мүмкіндік бар:

1) № 29/30 "Алматы 2 - Атырау" 35 пайыз дейін;

2) № 51/52 "Алматы 2 - Нұр-Сұлтан 1-Орал" 28 пайыз дейін;

3) № 69/70 "Алматы - Өскемен 1" 51 пайыз дейін;

4) № 111/112 "Алматы 2 - Маңғыстау" 43 пайыз дейін;

5) № 105/106 "Алматы 2 - Петропавл" 46 пайыз дейін; 6) № 711/712 "Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол - Шымкент" 43 пайыз дейін. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz сайтынан алуға болады.

Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап пилоттық режимде әйелдер вагоны тағы алты жолаушылар пойызында іске қосылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521