Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Талғат Ерғалиев президенттікке үміткер ретінде құжаттарын тапсырды

Орталық сайлау комиссиясына Талғат Файзуллиұлы Ерғалиевтің Қазақстан Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, 10 қазанда комиссияға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының биылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Талғат Файзуллиұлы Ерғалиев құжат тапсырды.

Оның кандидатурасын «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі ұсынған.

Тапсырылған құжаттар тізбесі:

  1. Қазақстан құрылысшылар одағы жоғары органы отырысының президенттікке ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
  2. Талғат Ерғалиевтің кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
  3. Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
  4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521