ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Атырау облысына келді. ЕХӘҚМ басшысы жастармен, ардагерлер және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, көпбалалы аналар мен зейнеткерлермен, сондай-ақ өңір активімен кездесулер өткізеді.
Сонымен қатар жұмыс сапары аясында Тамара Дүйсенова «Теңізшевройл» ЖШС-де облыс әкімі Серік Шәпкеновтің, компанияның бас директоры Кевин Лайонның және ТШО мердігерлік ұйымдары өкілдерінің қатысумен жұмысшыларды жұмыстан босату және оларды кейіннен жұмысқа орналастыру мәселелеріне арналған кеңеске қатысады.