Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетеді, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Күн тәртібінің негізгі мәселесіне айналған сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар үнемі өткізіліп, ашықтықты қалыптастыру мақсатында WhatsApp, Telegram әлеуметтік желілері арқылы ашылған чаттарда үнемі тұрғындармен кері байланыс орнатылып отыр. Сонымен қатар ауылдщық округ әкімдігінің ғимаратында жаднамалар ілініп, ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп жүр. Ішкі талдау қорытындысында сыбайлас жемқорлықтың болу ықтималдары мен тәуекелдері талданып отыр. Яғни, негізгі мәселеге сәйкес әрқашанда жұмыстар жасалуда.
Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдыналып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке ел болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Төреш ҚОЗБАҚОВ
Тайсойған ауылдық округ әкімі