Ата заңды құрметтеп, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында осындай тақырыпта Миялы орта мектебінде 9 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті.
Онда оқушылар «Мектеп әкімшілігі», «Мектеп инспекторы», «Мектеп ұжымы» болып үш топқа бөлініп, пікір алмасты. "Сыбайлас жемқорлық деген не?", «Жемқорлықтың пайда болуымен күресу», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыптарда баяндама тыңдалып, бейне ролик көрсетілді. Оқушыларға тақырып аясында, түрлі сұрақтар қойылып бір-бірімен пікір алмасты. Шараны ұйымдастырған сынып жетекшісі Ерболат Қазиев:
– Шараны ұйымдастырудағы мақсатым – оқушыларға қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдермен айығуды көрсету еді. Әрине, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болатынын оқушыларға ұғындыру еді, – дейді.
Өз тілшіміз