Іс-шара - өскелең ұрпақ назарын сыбайлас жемқорлық мәселелеріне аударып, аталмыш әлеуметтік жарнамалдарды жасауда балалар мен жөсөспірімдердің шығармашылық бастамаларына қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылуда.
Байқауға 10 мен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
Жұмыстар 1 қазанға дейін төменде көрсетілген ресми сайт арқылы қабылданады. Конкурс қорытындысы 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне жоспарлануда.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім жіберу мен толық ақпарат бойынша https://anticorruption.life/rules/ сілтемесі арқылы www.anticorruption.life ресми сайтынан біле аласыздар.
Ақпарат үшін: Аталмыш конкурс бойынша 2023 жылы Қазақстаннан 2 қатысушы жеңімпаз атанып, олардың жұмыстары БҰҰ-ның Есірткі жіне қылмыс жөніндегі басқармасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 20-жылдығына орай Атланта қаласында (АҚШ) өткен конференцияда таныстырылды.