Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Су ресурстары және ирригация министрлігі гидротехникалық құрылыстарды салу және жаңғырту бойынша 214 жоба әзірлеп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрлігі гидротехникалық құрылыстарды салу және қайта жаңғырту бойынша 214 жобаның жобалау-сметалық құжаттамалары мен техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеп жатыр.

 Жобалардың ішінде 21-і жалпы көлемі 1,8 млрд текше метр болатын су қоймаларын салу және қайта жаңғыртуға арналған. Тағы 180 жоба ұзындығы 4024 шақырымға жететін 243 су арнасын жаңартып, автоматтандыруды көздейді. Ал қалған 13 жоба әртүрлі басқа да гидротехникалық құрылыстарды қамтиды.

«Барлық жоба су ресурстарын ұтымды пайдалануды көздейді. Сондай-ақ автоматтандыру элементтерін қамтиды. Бұл жобалар жүзеге асырылса, 577 мың гектар жердің суармалы сумен қамту жағдайы айтарлықтай жақсарады. Жобалардың басым бөлігіне қатысты құжаттарды әзірлеу жұмыстарын биылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT