Мұқыр ауылындағы №159 учаскелік референдум комиссиясына зейнеткерлерден бөлек әр саланың өкілдері де келіп, дауыс беруде.
Соның ішінде педагогтар өте белсенді. Солардың бірі – ұстаздар отбасы саналатын ерлі-зайыпты Жайық Базаров пен Нұрсәуле Сатаева. Бірі тарих, енді бірі математика пәнінен сабақ беретін ерлі-зайыптылар:
- Біз оқушыға тәлім беріп жүрген педагогтар болғандықтан елдің білімінен бөлек болашағына да алаңдаймыз. Сол себепті, отбасымызбен келіп, таңдау жасадық. Елдің болашағы үшін әр адамның дауыс беруі маңызды деп есептейміз, - дейді.
Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН