Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ӨТКІЗІЛУДЕ

"Қаракөл" мәдениет үйінде орналасқан №151 учаскелік референдум комиссиясында 933 дауыс беруші болса, сағат 10:00 дегі мәлімет бойынша 194 адам дауыс беріп үлгерген.

Бұл көрсеткіш дауыс берушілердің 20 пайызын құрайды. Осы уақыт аралығында денсаулығына байланысты үйден дауыс беруге 35 адам өтініш білдірген. Өтініш күндізгі сағат 12.00-ге дейін қабылданады. Референдумның өту барысын түрлі партия мен қоғамдық бірлестіктерден келген төрт бақылаушы қадағалап отыр. Отбасымен бірге келіп дауыс берген Бисенбай Айжарықов саяси маңызы бар шараға бейжай қарамау керек деп санайды. Аталған учаскелік референдум комиссиясында маңызды күнге орай садақ ату, кір тасын көтеруден спорттық жарыстар ұйымдастырылуда. Ауыл жастары өз таңдауын жасап қана қоймай спорттық шараларға белсенділікпен қатысуда.

Гүлмира Мақсотқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521