Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сот әкімшісі мамандарының арасында семинар өтті

Қызылқоға аудандық сотында  «Лудомания – қоғамның қауіпті дерті»  тақырыбында сот әкімшісі мамандарының арасында семинар өткізілді.

Семинарда сот әкімшісі басшысы Г.М.Шелтеуова аталған тақырыпта баяндама жасады. Сондай-ақ, лудомания бойынша әзірленген бейнеролик көрсетіліп, сот мамандарының назарына ұсынылды.

         Шарада, «Лудомания» сөзіне түсінік беріліп, латын тілінен аударғанда «Лудо» – «ойнау», «мания» – «әуестік, құштарлық» деген мағынаны білдіретінін, бір сөзбен айтқанда ойынқұмарлық екеніне тоқталды.              

    Бұл тақырып бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып отырғанын,  тіпті қоғамдағы қауіпті дерт – норкоманиядан да қауіпті болып тұрғанын, оңай жолмен ақша тауып, құмар ойынға құныққан азаматтар көбейіп бара жатқанын, бәс тігіп, түнімен букмекерлік кеңсені торуылдап, уақытын текке өткізген жандарды көргенде жаның түршігетінін, ойынқұмарлықты уақытында емдемеген жағдайда нәтижелері өте ауыр екенін, кейбір лудомандар отбасын жоғалтатынын, өз өміріне қол жұмсайтынын айтып, кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Семинарда сот әкімшісінің мамандары да өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ойынқұмарлықпен күресте, тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуі тиіс екенін, сондықтан бүгінгідей түсіндіру жұмыстарының маңызы зор деп есептейтіндерін айтты.

          Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT