Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Солтүстік Каспий жобасының өндірістік нысандарында NCOC компаниясының қызметкерлері дауыс беріп жатыр

     Солтүстік Каспий жобасы операторы - NCOC компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Самал вахталық кентінде және D аралында «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында, сондай-ақ компанияның теңіздегі кешенінде жұмыс істейтін қызметкерлер дауыс беруде.

     Баспасөз қызметі хабарлағандай, NCOC-тың 726 қызметкері (құрлықтағы 574 адам және теңіз кешендеріндегі 152 адам) өндірістен қол үзбей дауыс бере алады. Бұл бірдей дауыс беру мүмкіндігі бар мердігер компаниялардың жұмысшыларын есепке алмағандағы көрсеткіш. Ал мердігер компаниялардағы жұмысшылардың саны 2067 адам.

     Ауысымдағы қызметкерлер жұмыс кестесін желілік басшысымен келісе отырып, дауыс бере алады. Сайлауға қатысу үшін қызметкерлерге келісілген кесте бойынша жұмыс орнынан кетуге мүмкіндік берілетіндіктен технологиялық процесс үзілмейді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521