Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Шаруалар референдумға қатысуға ниетті

Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті шаруалар, зиялы қауым өкілдері, бастауыш партия ұйымдары төрағалары және партия активімен бірқатар кездесу өткізді.

М.Жұмабаев атын­дағы аудан­ның Полу­динс­кое ауы­лын­дағы тауарлы сүт фер­ма­­сының алаңында облыс­та­ғы ауыл шаруа­шы­лығы тауар өндіру­ші­лерімен кездескен А.Оралов жинал­ған қауым­мен алдағы консти­ту­ция­лық рефор­ма­ның маңызын тал­қы­ла­ды.

«Ата Заңымызда жер халық­тың меншігі деп көрсе­ті­ле­ді. Бұл – өте маңызды қадам. Солтүстік Қазақстан облысында халықтың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Сондықтан 5 маусым күні өтетін референдумға облыс тұр­ғын­дары белсене қатысады деген ойдамыз», деді партияның атқарушы хатшысы.

Жиында сөз алған жергілікті шаруа қожа­лықтарының бірінің бас­­шысы А.Сапаров тұр­­ғын­­дар ел дамуын­дағы жаңа ке­зеңді референдуммен бай­­ланыс­тыратынын атап өтті.

«Ха­лық бо­лып жатқан өзгеріс­тер­ді көріп отыр және елімізді дамыту үшін Конс­титу­цияға өзге­ріс­тер ен­гізуді қолдауға дайын», деді шаруа иесі.

Өңірге жұмыс сапары барысында атқарушы хатшы зиялы қауым өкілдерімен және партия ардагерлерімен жүздесті. Кез­де­суге қатысушылар Ата Заңға түзетулер енгізуге қатысты жал­пыхалықтық дауыс беру Жаңа Қазақстанды құруда негізгі рөл ат­қаратынын атап өтті.

Сонымен қатар, А.Оралов бастауыш партия ұйым­да­ры­ның төрағаларымен де кез­­десіп, жиын­да партияның қоз­ғау­шы күші рефе­рен­дум­ның мәні тура­лы түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуге тиіс екенін атап өтті.

egemen.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT