Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҮШ ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНҒАН

Құрылтай – қоғамның өзекті мәселелерін анықтап, талқылап, оларды жүйелі шешу жолын қарастыратын жиын. Бүгінде елімізде үшінші рет өткен Құрылтайды – Ұлы Кеңестердің заман ағымына сай модернизациялануы деп бағалап жатыр халық.

Мәселен, былтыр Атырауда өткен ұлттық Құрылтайда 300-ге жуық мәселе талқыланып, 40 бөлімнен тұратын жүйелі жоспар қабылданған. Нәтижесінде әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін күшейту, вейп саудасына тыйым салу, мемлекеттік наградалар мен ономастика, вандализм мен ойын бизнесін шектеу туралы заң жобасы, есірткі өндіруді және сатуды ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту үшін он заң жобасы қабылданып, ел игілігіне қолданылуда. Ал, биылғы Құрылтайда бірыңғай уақыт белдеуі, дарақы тойлар мәселесі, курс сатқыш алаяқтар, жалған қайырымдылық қорларын құрушылар, жат ағыммен күрес сынды мәселелер көтерілді. Бұл мәселелер де алдағы уақытта заңдық негізде шешілу үшін арнайы құжат қабылданады.

Гүлшара Сары,

аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT