Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Серік Шәпкенов қаладағы 33 шағын ауданды жарықсыз қалдырған «Атырау-Жарық» АҚ мекемесінің жұмысын қатаң сынға алды

жарықсыз қалды
жарықсыз қалды

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен қаладағы қар тазалау жұмыстары бойынша әкімдік отырысы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында «Атырау-Жарық» АҚ Президенті Мейірбек Құбашев баяндама жасады.

- Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 32-33 әуе желісі сөнді. Жыл сайын апаттық жағдайда сөнетін Геолог, Береке, Мұнайшы, Еркінқала, Рембаз, Сарыөзек және т.б елді мекендерде таңғы сағат 6-да соңғы әуе желісі қосылды. Алайда олар «Атырау-Жарық» АҚ балансында емес, жеке қосалқы станцияларға тиесілі,-деді М.Құбашев.

Облыс әкімі Серік Шәпкенов «Атырау-Жарық» мекемесіне тұрғындардың шағымы негізінде қаладағы проблемалық 40 трансформаторды жаңартып бергенін айтты. Соның өзінде қар жауған кезде жұмысты дұрыс үйлестіре алмай, тұрғындарды жарықсыз қалдырған мекеме басшысына сын айтты.

- Сіздің мекемеге жеке қосалқы станцияларды күтіп ұстауға қаражат бөлдік. Сіз неге олай бөлінесіз? Бұл дұрыс емес. Мемлекеттен қаражат бөлініп, сенімгерлікке берілген жеке қосалқы станцияларды пайдаландыңыз ба, жауап беруіңіз керек. «Атырау-Жарық» бойынша үлкен мәселе бар. Сіздер таңғы 5-ке дейін жұмыс істедіңіздер. Қандай алгоритм сіздерде? Мен әр бір сағат сайын ақпарат алдырып отырдым. Мәселен, Сарыөзектегі 70 қосалқы станцияны айырып, қалғанын неге қоспайсыз? Бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлауымыз керек,-деді С.Шәпкенов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT