Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Серік Шәпкенов: Азаматтар көтерген мәселелер назардан тыс қалмайды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Тұрғындар денсаулық сақтау, баспанамен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі, электр желілерін жаңарту және  т.б мәселелер көтерді.

Тұрғындармен кездесуді қорытындылаған Серік Шәпкенов азаматтар көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын, әр мәселе бақылауға алынатынын жеткізді. Қабылдау барысында көтерілген тұрғындар мәселесі зерделеніп, заң аясында шешім шығарылады.

Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімі 200-ге жуық тұрғынды жеке қабылдады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT