Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сенатор Лязат Сүлеймен атыраулық белсенді әйелдермен кездесті

Конституциялық реформаларды түсіндіру мақсатында Атыраудағы "Абай" орталығында жиын өтті.

Парламент Сенатының депутаты Ляззат Сүлеймен және қоғам қайраткері Елена Тарасенко атыраулық белсенді әйелдермен кездесті.

Сенатор Ләззат Жаңылысқызы облысқа сапары аясында бірнеше форматта кездесу өткізгенін атап, Конституцияда көзделген өзгерістер туралы талдады.

- Қазір бұл өзгерістер керек. Атырау аймағына сапар барысында Махамбет, Индер аудандарында болып, халықпен кездестік. Сол кезде тұрғындардың референдум өткізуді қолдайтыны туралы пікірлерін естідік, - деді сенатор. Спикер депутаттар белсенділігі, халық үніне құлақ асу, билік пен бұқара арасын жақындату туралы да ой-пікірін білдірді.

Кездесуге қатысушылар да маңызды мәселелерді көтерді. Олардың қатарында отбасы, ұрпақ тәрбиесіне қатысты проблемалар, ажырасу, ерекше балалар тәрбиесі, әлеуметтік осал топтарды қолдау бағытындағы проблемалық жайттар бар.

 

Гүлжан ӘМІРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT