Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сарабдал саясаткер, көрнекті тұлға

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – Тәуелсіз Қазақстанның бет-бейнесі.

Тұңғыш Президент, Елбасын ТМД негізін салуға, бұрынғы Кеңес Одағы шекпенінен азаттық алып шыққан бұрынғы республикалардың басын қайта қосуға ерек¬ше тер төккен мемлекет қайраткері деп білеміз. Ол саяси-экономикалық, мәдени интеграция құруға арналған көптеген бастама-жобалардың авторы болды. Мәселен, ЕЭҚ (Еуразиялық экономикалық қоғамдастық), БЭК (Бірыңғай экономикалық кеңістік), КО (Кеден Одағы), ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы), ШЫҰ (шанхай ынтымақтастық ұйымы) т.б. атап өткен ләзім. Тәуелсіз Қазақстанмен Н.Назарбаев есімінің қатар аталуы- заңды әрі әділетті. Жаңадан азаттық алған, егемендігін енді еншілеген елдің тізгінін ұстағаннан ауыр жүк жоқ шығар. Тәуелсіздік алған сонау 90-шы жылдар Қазақстан үшін қай тұрғыдан алса да оңай кезең болмады. Осындай сындарлы сәтте тарих таңдауы Нұрсұлтан Назарбаевқа түсті. Елдің бүгінгі қол жеткен табыстары, бағындырған биіктері, жеткен жетістіктер, дербес ел ретінде іргесін бекітіп, керегесін кеңейтіп қана қоймай, алты құрлыққа танылуында Елбасының еңбегі ұшан- теңіз, ерлігі мен өрлігі, қалтқысыз қызметі мен қажыр-қайраты жатыр. Иә, еліміздің баянды болуына тұңғыш Президенттің қосқан үлесі зор. Назарбаев тарихтың сындарлы сағатында биліктің басында болып, терең саясаткерлігі арқасында елдің тәуелсіз дара жолын қалыптастырды.

Бүгінде күллі әлем Қазақстанды дамыған мемлекет деп мойындады, дүниенің төрт құбыласымен тең дәрежеде араласып келеміз. Сарыарқа төрінде азаматтық, азаттық шоқ жұлдызындай болып, ел жүрегі- жаңа астана бой көтерді. Астананың бас архитекторы да Елбасының өзі. Жас елорданың сәні мен мәні, сәулеті мен дәулеті де тәуелсіз Қазақстанды төрткүл әлемге паш етті. Елорда кейін Нұр- Сұлтан деген атауға ие болды. Тарихымызда ең алғаш рет шекараны шарттармен құжаттап, шекарамызды шегендеп, бекіттік. Солтүстік өңір қазақ рухына қанықты. Санымыз өсіп, сапамыз жаңарып, ел рухы еңсесі көтерілді. Көшіміз түзеліп, ән-жырымыз көкте шырқалып, ана тіліміз жойылып кету қаупінен арылды. Дербес елдің өзіндік заңнамасы қалыптасып, халық конституциялық еркіндік алды. Мемлекет және қоғам мүддесіне керекті институттардан басқа Ата Заң негізінде рұқсат етіліп, азаматтар еркін өмір сүру бостандығына жетті. Ішкі өмірге ешкім қол сұқпайтын болды.

Елбасының батыл да уақтылы шешімдерінің арқасында барлық сынақтардан сүрінбей өтіп, экономикасы берік, халықаралық аренаға танымал, демократиялық және зайырлы елге айналдық. Міне, осының бәрінде Н.Назарбаевтың қолтаңбасы мен тарихи қызметі тұр. Қазақстанның түркітілдес мемлекеттер одағы құрамында да беделі зор. Н.Назарбаевтың сыртқы-ішкі саясаттағы іс-әрекеттердің бәрі, әлемнің тамыр соғысының бүлкілін айқын таныған, шартараптардың саяси ағымын түгел бағамдап отыратын сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейдегі көрнекті тұлға екенін дәлелдейді. Әрине, Елбасы қолтаңбасы айқындайтын заманауи игілікті істер тізбесін әрі қарай жалғастыра берсек те болар еді. Қазақстанның Еуропалық Ислам ынтамақтастық ұйымына төрағалық етуі, дәстүрлі әлем діндерінің съездерін Астана төрінде бір рет емес, бірнеше рет жоғары деңгейде өткізуі толық дәлел. Қазақстанның тұңғыш Президент күні Н.Назарбаевтың елі үшін атқарған ерен еңбегінің құрметіне орай бекітілгенін білеміз. Ел Парламенті 2011 жылы арнайы заң қабылдап, 1 желтоқсанды «Тұңғыш Президент күні» ретінде мемлекеттік мереке деп белгіледі. Бұл мейрам 2012 жылдан бері елімізде кең көлемде атап өтіліп келеді. Атаулы күн Қазақстан Қарулы Күштерінде жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімін өткізу дәстүрге айналған.

Қазақстанның ең басты сипаты- конституциялық айқындалған құқықтық мемлекет екендігінде. Құқықтық мемлекет ретінде басқару институтының орнығуы мен модер-низациялану кезеңдері Елбасының конституциялық идеяларынан, құқықтық көзқарастарынан бастау алғаны белгілі. Н.Назарбаев көреген басшы ретінде Тәуелсіздігімізге негіз болатын алғашқы қадамдарға батыл түрде бара білді. КСРО-дан қалған Конституция тұсында көптеген заңдарға өзгерістер енгізіп, құқықтық реанимация жасап, ерекше көрегендікпен уақытты ұтты. Ел тәуелсіздігінің негізі болған тарихи заңдардың қабылдануында Елбасының құқықтық ұстанымы шешуші рөл атқарды. Жалпы Елбасы бойында сенгіштік қасиет жақсы сақталған көрінеді.

Талай рет алданып, сатқындықтың куәсі болса да адамдарға сенумен келе жатқанын, сенімін жоғалтпағанын талай рет сұхбаттарында айтқанын білеміз. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы ән салғанды ұнататын, әдебиетке деген құштарлығы басылмаған жан. Оның жиын-кездесуге кешіккен жанды онша ұнатпайтынын, жалпы кешігуге жаны қас екенін де естігенбіз. Таңғы жаттығумен ұдайы шұғылданып, спорттың бар түрімен айналысқан Елбасы шаңғыны ең алғаш рет 55 жасында аяғына байлаған деседі. Ол басында күзетілетін тұлғаға айналғанына онша үйрене алмаса керек. Қай жерге барса да тек күзетпен бірге жүруі тиіс. Кейін оған да бойы үйреніп, біраз көндіксе керек. Елбасының ел-жұрт үшін жасаған игі істерін халық көріп отыр. Бүгінде Н.Назарбаев күллі әлем жұртшылығы таныған абзал тұлғаға айналды. Оның қолға алған істерінің бәрі орындалды. Тұңғыш Президент, Елбасы 30 жылда Тәуелсіз Қазақстан тарихын өз қолымен жасап, әлем картасында жаңа Қазақстанның өмірбаянын жазды.

 

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521