Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Салтанат әлеуметті алаңдататын мәселелерге тоқталды

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова  елордада құқық қорғаушылармен кездесуде аналарды қолдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы мәселеге тоқталып өтті.
Салтанат Тұрсынбекова тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен қазақстандық әйелдердің мүддесін қорғаушы. Сондықтан ол құқық қорғаушылардың өздерін де, олар қорғайтын адамдарды да не алаңдатып отырғанын жақсы түсінеді.

88888888
Қоғам белсенділері әйелдерді қолдау мәселесіне ерекше назар аударды: тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылықпен күресу, жұмыс істейтін аналарға қамқорлық, толық емес отбасыларды қолдау, сондай-ақ өзге де қоғамдық мәселер күн тәртібінен түспек емес.
«Күміс еріктілер» ұйымының мүшесі Гүлнұр Әбішева:
«Мені әйелдеріміздің, аналарымыздың тағдыры алаңдатады. Бұл мені бүгін де, кеше де, алдағы күні де ойландыратыны анық. Әйел құқығы – әркім осыған назар аударуы керек, өйткені біздің қоғамдағы әйелдер өте ауыр жүкті арқалап жүр. Қоғам бұл тақырыпты абстракциялауға тырысады. Мен жағдайдың түбегейлі өзгергенін қалаймын».
 «Рухани қоғам әлемі» қорының психологы Лимана Қойшиева да үміткерді бұрыннан танитынын атап өтті.
«Көп балалы аналар мәселесімен айналысқанымыз есімде. Көп балалы аналар митингтерінде қазақтың нағыз батыр әйелі екеніңізді айттым. Сондай-ақ, қор психологы ретінде Қазақстанның оңтүстігінде тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балалардың суицид мәселелерін шешуге көмектескен жұмысыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл антирейтингте Түркістан облысы көш бастап тұр. Үкімет осы мәселелермен ұдайы айналысса деймін, бұл тақырып мемлекеттің күн тәртібінде бірінші орында болғанын қалаймын. Әйелдер өте қиын уақытты бастан кешіріп жатыр. Тіпті, баланың әдеттегі тіс емінің өзі бір мезетте 100 мың теңгеге дейін барады. Ал баланы оқыту, тәрбиелеу қанша тұрады?», - деді ол.
Айта кетерлігі, Салтанат Тұрсынбекованың сайлауалды бағдарламасында төртінші бағыт – азаматтарды әлеуметтік қорғау, мұнда ол осында айтылған мәселелерді де көтеріп келеді.
«Мені әсіресе, толық емес отбасылардан шыққан ата-аналардың мәселесі алаңдатады, олардың құқықтары заңда ескерілмейді. Сондықтан олар түрлі мемлекеттік бағдарламалардан да кезектен шығарылды», - деді ол.
Спикер әйелдерді жұмыспен қамту тақырыбына да тоқталды.
«Біз әйелдерге шешім қабылдау деңгейіне көтерілу үшін 30% квота ғана емес, барлық жағдайды жасауымыз керек - бұл мәселенің бір бөлігі ғана. Екінші блок – үйде отырған әйелдер, мемлекет алдындағы демографиялық міндетімізді шешетін аналар. Олар үшін қашықтан жұмыс істеу форматын, оның ішінде еңбек өтіліне үй шаруашылығын жүргізу уақытын енгізіп, болашақта зейнетақысынан айырылып қалмайтын және кедейлік шегінен төмен өмір сүретін тетікпен қамтамасыз ету қажет», - деп атап өтті Салтанат Тұрсынбекова.

Салтанат Тұрсынбекова штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT