Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"Салғырттыққа жол бермейік!"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында 17 тамыздан бастап шектеу шараларын кезең-кезеңімен алып тастау, яғни, жеңілдетілуі жөнінде қаралғаны белгілі.

Бүгінде қауіпті індет сейіліп, вирустың беті қайтып келе жатқандығы барлығына аян. Бұндай жағымды жаңалық күнделікті ақпарат құралдарында айтылып та жатыр. Бұл тұрғыдан əрине қуаныштымыз. Дегенмен, аты жаман аурудың қорқынышты тұстарын көрген халық топталып жиналуын қысқартты.

Аталған қатаң шаралар халықтың денсаулығы үшін қабылданғанын жақсы білеміз. Сондықтан да əлі де болса арқаны кеңге салып, той-жиын өткізудің əзірге қажеті жоқ. Сондай-ақ, бұған дейін сауда орындарында тек қана дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істесе, дүйсенбіден бастап сауда орталықтарының барлық бөліктері де жұмыс істей алады.

Сонымен қатар, сауда желілері мен ашық базарлар жұмыстарын қайта жалғастырады. Шаштараз, сұлулық салондарының да жұмысына рұқсат беріліп отыр. Бірақ, бұл нысандардың жұмыс жасау ережесенде қатаң талаптар сақталуы шарт. Яғни, шектеулер әлі де бар деген сөз.

Ендеше, барлығы өз орнымен, ретімен болсын дейміз. Өйткені, өзіміздің қателігіміз бен салғырттығымыздантағы ауырып қалсақ, қайтадан қиындап кетері сөзсіз. Осы орайда Үкіметтің қабылдаған шешімін құптап, сынақтан аман-есен шығуды халық ұғынғаны дұрыс.

Жасан ЕСҚАЙЫРОВ,

ауданның Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521