Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сайлауға байланысты комиссия отырысы өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихатарының депутаттарын сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарларды бекіту және сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу мақсатында Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа саяси партиялардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, онлайн режимде облыстардың, Нұр-Cұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бүгінгі күннен бастап Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны басталдығын, алайда, 2016 жылы сайланған Мәжіліс депутаттарының конституциялық өкілеттік мерзімі 2021 жылғы наурызда аяқталатынын атап өтті.

Бұдан кейін баяндама жасаған орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров саяси партия партиялық тізімдерді бекіту кезінде оған енгізілген адамдардың жалпы санының отыз пайызы әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған жастарды қамтитынын, бекітілген жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну кезеңі дауыс беру күнінен екі ай бұрын басталады және дауыс беру күнінен қырық күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталатынын жеткізді. Яғни, кандидаттарды ұсыну осы жылдың 10 қарашадан бастап 30 қараша күнгі сағат 18-00-ге дейін.

Отырыстың екінші мәселесі бойынша «Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» орталық сайлау комиссиясы мүшесі Ерлан Дауылбаев сөз сөйлеп, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына ел аумағында соңғы 10 жыл тұрақты тұрып жатқан, жиырма бес жасқа толған, бәсең сайлау құқығына ие, өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алатынын айтса, К.Петров Орталық сайлау комиссиясы өз құзыретіне сәйкес, әкімшілік-аумақтық бірлік халық санына сәйкес 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысымен олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының саны анықталғанын хабарлады.

Барлығы алдағы науқанда 216 мәслихаттың 3276 депутаты сайлануға тиіс. Облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттарының 589 депутаты, облыстық маңызы бар қалалардың 36 мәслихатында 596 депутат, аудандардың 163 мәслихатында 2091 депутат болады. Соңғы мәселе бойынша сөз сөйлеген орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар бойынша сайлау құжаттарының 42 нысаны дайындалғанын баяндады.

Сайлау құжаттарының ұсынылып отырған нысандары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес науқанның нақты кезеңдерінде сайлау комиссияларының сайлау рәсімдерін ресімдеу үшін көзделген. Бірқатар нысандар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңындағы өзгерістерді ескере отырып, алғаш рет белгіленеді.

Сурет: ашық дереккөзден 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT