Қарақияқты бастауыш партия ұйымының мүшелері Ақылай Қалиева, Мәншүк Мерғалиеваның және «Еріктілер тобының» 1989 жылы туған жастардың ұйымдастыруымен Сағыз ауылында «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Шара барысында құны жеті мың теңгені құрайтын 21 азық-түлік себеті дайындалып, І, ІІ және ІІІ топ мүгедектеріне, аз қамтылған отбасылар мен жалғыз басты аналарға берілді. Жеті мыңнан астам халқы бар Сағыз ауылында қаншама тұрмыс тауқыметін көрсе де мойымай, мүгедек болса да адал еңбек етіп, ері жоқ болса да шиеттей балаларын бағып отырған аналар бар. Акция барысында олар қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіре отырып, өз ұсыныс-пікірлерін де жеткізді.
Сайран ОРАҚОВА,
Сағыз ауылы
Сурет: ашық дереккөзден