Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сағызда ұрылар қолға түсті

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз ауылдық округіндегі жеке тұрғын үйге ұры түскен.

Аталған қарақшылық іске қатысты Маханов көшесі нөмірі 6-шы үйдің тұрғыны, жəбірленуші Ниязова Айгүлдің айтуынша, 22 тамыз күні кеште үйінде болмаған уақытта түскен қарақшы құлыптанып тұрған үйінің терезе əйнегін сындырып, біраз пайдаға асатын заттарын, ұрлап, кейбір заттарын мүлдем жарамсыз қып тастаған. Оған келесі күні көршілері хабарласып ұры түскендігін хабарлаған. Ол сол бойда полиция қызметкерлеріне хабарлаған. Қоңырау түсе сала іздестірген полиция қызметкерлері күдіктіні жедел тауып, тергеуде.

Осы орайда, жəбірленуші облыс, ауданның полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

А.ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

Сурет: ашық дереккөзден 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521