Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 42 орман өрті тіркелді

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өрт қауіпті кезең басталғаннан бері көктемгі орман өртінің 42 тіркелгенін айтуға мәжбүрмін. Өрттің жалпы ауданы 668 гектарды құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов мәлім етті.

«Өрттің тұрғын үй алаптарына ауысуымен елді мекендер аумағындағы құрғақ шөп өрттері ерекше алаңдаушылық туғызады. Мәселен, биыл 12 сәуірде Петропавл қаласының маңында құрғақ шөптің жануы нәтижесінде 200 астам саяжай құрылысы жойылды және өрт сөндірушілердің жедел әрекеттері қайғылы салдардың алдын алуға мүмкіндік берді. Ал 14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында ашық аумақтағы қамыстың жану нәтижесінде және айыппұл тұрағына өту кезінде 6 автокөлік жойылып, 4 көлік зақымданды. 15 сәуірде Павлодар облысында саяжай қоғамы аумағында өрт салдарынан 1 адам қаза тапты, өрттен 300 астам саяжай учаскесі зардап шекті. Орман және дала өрттерінің басым бөлігі шалғай аумақтарда пайда болады, мұнда 100 км-ден астам радиуста ТЖМ бөлімшелері жоқ екендігін атап өту қажет», - деді спикер.

Оның айтуынша, өңірлерде әкімдіктер мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде, өрт сөндіру бекеттерін құру бойынша жұмыстарды кезең-кезеңімен жүргізуде. 2021 жылы еріктілер мемлекеттік өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын тартпай дала өрттері мен тұтану 25% өз бетінше жойды. Бұл ретте Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола облыстарында ерікті құрылымдар барлық табиғи жанудың жартысынан астамын сөндірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT