Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНДА "ЗАҢ КЕРУЕНІ" АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Атырау облысы прокуратурасы мен облыс әкімдігінің бірлескен өкіміне сәйкес барлық аудандарда "Заң керуені"акциясы өткізілуде.

500
Оның мақсаты халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыру мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту болып табылады.
Акция аясында Құрманғазы ауданында бірқатар ведомстволардың: прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, Экономикалық тергеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Экология, Мемлекеттік кірістер департаменті, еңбек инспекциясы,білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасының қызметкерлері қатарынан мобильді топ жұмыс істейді.
Мобильді топ Құрманғазы ауданының Мақаш, Еңбекші, Орлы және Құрманғазы ауылдық округтерінде болды. Ауданға қарасты өзге де округтерге акция жалғасатын болады.
Жалпы, "Заң керуені" акциясы 20 қазаннан 10 қарашаға дейін облыстың барлық ауылдық, селолық округтерінде жалғасан табады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT