Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өркениетке бетбұрыс жасалуы қажет

Бүгінде 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумға дайындық қызу жүруде. Жан-жақты үгіт-насихат жұмыстарын бастаған халықтық штаб өкілдері Атырау қаласындағы Жаңаталап ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде қуат көзінің тиімді тәсілі саналатын АЭС туралы кеңінен айтылып, халықтың ой-пікірлері де тыңдалды.

Қалай десек те АЭС ғылым мен өнеркәсіптің қайнар көзіне айналу тиістігін атап өткен штаб өкілдері жаңаталаптықтарға алда өтетін референдумның маңыздылығын түсіндірді.

Штаб өкілдерінің айтуынша, әлемде 400- ден аса АЭС бар. Барлығында дерлік қауіпсіздік шаралары сақталған. Сондықтан, бізге де қауіпсіз атом электр станциясын салу маңызды шешім.

-Бүгінде көміртектік бейтараптылық деген бар. Мұның ішінде метандардың, азот тотықтарының күнделікті шығуы климаттың өзгеруіне қауіп төндіріп жатыр. Ал, АЭС салған кезде ондай зиянды шығындылар болмайды. АЭС 20 миллион көмірқышқыл газын ауаға шығармауға септігін тигізеді, — деді халықтық штабтың мүшесі Махамбет Құдайбергенұлы.

Жиын барысында кезекті түсіндірме жумыстарын жоғары бағалаған тұрғындар ел мүддесі үшін оң шешім қабылдайтындарын айтты.

-Жаңаталап ауылында тұрғындар бүгінгі күні АЭС жөнінде келген мамандардан мағұлмат алды. Кәсіби қызметкерлер бәрін жете түсіндіруде. 6 қазан күні болатын референдумда мен де өз шешімімді қабылдаймын, — дейді тұрғын Жәнібек Төлешов.

Өркениетті елдер әлдеқашан қолға алған атом электр станциясының Қазақстанда салынуы — маңызды қадамдардың бірі. Осылайша бірегей бастама ел экономикасына оң серпінін тигізері сөзсіз. Жиынның негізгі түйіні де осы болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521