Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Республикалық қоғамдық штаб жиырма мыңнан астам іс-шара өткізді

     Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматы тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.

    209     Алматы қаласында өткен сайлаушылармен кездесуде Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов сайлау науқаны басталғаннан бері еліміздің барлық өңірінде 20 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасы өткенін атап өтті.
     «Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары қалалардың, аудандардың және шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Жалпы, бір айға жетпейтін уақыт ішінде өткен үгіт-насихат шараларына 2 миллионнан астам қазақстандық қатысты», - деді Ерлан Қошанов.
    Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жатақханаларының бірінде студенттермен өткен кездесу барысында штаб мүшелері кандидаттың жастар саясатын жетілдіру жөніндегі басымдықтарына назар аударды.
    Бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары саясаттанушылармен және сарапшылармен сайлауалды бағдарламаның саяси өзгерістерге, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған бөлімін талқылады.
    Осы күні шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өтіп, оның барысында Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері кандидаттың кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі ұсынып отырған бастамалары туралы айтып берді.  
    Зиялы қауыммен кездесуде Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері кандидаттың тарихи мұраны сақтау, мәдениетті қолдау және отандық өнерді дамыту бойынша ұсынған шараларын талқылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT