Атырау қаласы мен аудандарда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 100-ге жуық инватакси ұйымдастырылған. Учаскелерге тактильді белгілер орнатылған. 15-ке жуық сурдоаудармашы жұмыс істейді.
Көзі нашар көретін сайлаушылар аудионұсқаны тыңдағаннан кейін трафареттермен қамтамасыз етілген. Облыстық аумақтық референдум комиссиясы тіркеуі жоқ, сол себепті ешбір учаскеде тізімге енбеген азаматтардың дауыс беру күні учаскеге тіркелуге және онда дауыс беруге мүмкіндігі бар екенін хабарлады. Бұл қызмет Атырау қаласындағы 5 учаскеде көрсетіледі. Еске сала кетейік, дауыс беру процессі 20:00-ге дейін жалғасады.