Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әрбір азаматтың референдумға қатысуы маңызды

Сенаторлар Ольга Перепечина мен Әсем Рахметова Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғ.Мүсірепов және Айыртау аудандары тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутаттар атом электр станциясын салу туралы алдағы референдумға қатысты өзекті тақырыптарды талқылады.

«Агро-Есіл» ЖШС, «Намыс» ЖШС және Ставрополь орта мектебінің еңбек ұжымдары көкейде жүрген сауалдарын қойып, қызу пікірталас өрістеді. «Атом электр станциясын салу – біздің болашағымыздың мәселесі екенін бәріміз түсінеміз. Сондықтан ойласа отырып, салмақты шешімге келу керек. Біздің және балаларымыздың болашағы қандай болатынын референдум қорытындысы паш етеді», деді Ольга Перепечина.

Талқылау барысында АЭС құрылысына қатысты экологиялық және экономикалық мәселелер, сондай-ақ оның Қазақстан азаматтарының өміріне әсері атап өтілді. Кездесуге қатысушылар сенаторлар берген түсініктемеге орай өз алаңдаушылықтарын білдірді.

«Әрбір азаматтың референдумға қатысуы маңызды. Бұл барлық қазақстандықтардың өз пікірін білдіру және еліміздің болашағына әсер ететін шешімге белсенді қатысу құқығы», деп атап өтті депутат Әсем Рахметова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT