Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Радикалдық қақтығыстарға шақырған атыраулық жат ағым өкілі ұсталды

Қамауға алынғандар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері.

Терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігімен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының төрт тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі.

«13 тамызда ұлттық қауіпсіздік қызметі жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының төрт тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынған. Олар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болып табылады», – делінген хабарламада.

Ведомство өзге мәліметтің тергеу құпиялығын сақтау мақсатында жария етілмейтінін атап өтті.

 

 

 

atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521