Қазақстан танкистері халықаралық конкурсқа қатысады

Қазақстан танкистері конкурсқа жасыл түсті танкілерде қатысатын болады.

Мәскеу маңындағы «Патриот» паркінде Армиялық халықаралық ойындардың «Танк биатлоны» конкурсы бірінші кезеңінің жеребесі өтті.

Қазақстан командасы жасыл түсті танкілерде үшінші айналымдағы жеке жарысқа қатысатын болды. Айналымдағы қарсыластары – Әзербайжан, Беларуссия және Сербиядан келген танкистер. Жарысқа Қазақстанның бірінші экипажы 24 тамызда шығады.

Танк биатлоны 22 тамызда Қытай, Ресей және Өзбекстан танкистерінің жарысымен басталады, 23 тамызда Ойындардың ашылу күні Венесуэла, Вьетнам, Моңғолия және Сирия командалары бірінші экипаждарының жарысы өтеді.

– Бүгін жеке құрам жарыс трассасымен танысып, қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқау беруден өтеді. Осыдан кейін экипаждар техниканы қабылдап алады. Барлық қатысушылардың жауынгерлік көңіл-күйі жоғары, командамыз нәтижелі жетістікке қол жеткізеді деп сенеміз, – деді команданың аға жаттықтырушысы подполковник Әділ Тұрсынқұлов.

Халықаралық конкурсқа 19 елден келген танкистер қатысады, олар екі дивизионға бөлінген. Бірінші дивизионда Қазақстан танкистерімен бірге Әзербайжан, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Қытай, Моңғолия, Сербия, Сирия, Ресей және Өзбекстан командалары, екінші дивизион құрамында Абхазия, Қатар, Қырғызстан, Лаос, Мали, Мьянма, Тәжікстан және Оңтүстік Осетия командалары конкурсқа түседі.

 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика