Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Президенттікке үміткер қарағандылықтармен кездесті

Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары бойынша өңірлерге сапарын бастады. Штабтың алғашқы аялдамасы - Қарағанды қаласы болды.


Кандидат Қарағанды қаласында құқық қорғаушылармен, заңгерлермен, магистранттармен, сарапшылармен, құқық қорғау және сот жүйесін реформалауға, мүгедектердің, сотталғандардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ олардың мүдделерін қорғауға атсалысып жүрген түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Жиынға халықтың әртүрлі әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар да қатысты.
Талқылау барысында жиналған ҮЕҰ өкілдерінің бірі Салтанат Тұрсынбекова облыстан кеткеннен кейін немесе Президент болып сайланған соң, құқық қорғаушылармен, жалпы азаматтармен байланыста бола ала ма деп сұрады.
Кандидат өзінің телефон нөмірін көпшілікке жариялады.
«Мен қандай қызмет атқарсам да, Президент болсам да, болмасам да, өз бағдарламамның аясында жұмыс істей беремін! Мен толығымен ашықпын және қол жетімдімін. Маған жеке номеріме жазсаңыздар болады. Қай кезде де сіздермен біргемін, бұл жай сөз емес. Сынап та көріңіз. Елімізде құқық қорғаушылардың істеп жүргені – ерлік: мүмкіндігі шектеулі жандарға, ерекше күтімді қажет ететін балаларға, қарттарға қамқорлық жасау – үлкен шыдамдылық пен жігерді қажет ететін қиын жұмыс. Сондықтан менің сайлауалды бағдарламамда азаматтық қоғамды, азаматтық сектор институттарын дамытуға көп көңіл бөлінген», - деді Салтанат Тұрсынбекова.
Ол өзінің құқық қорғау қызметімен бес жылдан бері айналысып келе жатқанын атап өтті. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен қазақстандық әйелдердің мүддесін белсенді түрде қорғайды. Сондықтан ол құқық қорғаушылардың өздерін де, олар қорғайтын адамдарды да не алаңдатып отырғанын жақсы түсінеді.
Жиынға «Үміт сәулесі» қоғамдық қорының төрайымы Татьяна Кравченко қатысып, мүмкіндігі шектеулі ересектерге қамқорлық тақырыбын көтерді: ол кандидат ретінде өмірін науқас туыстарына қамқорлық жасауға арнаған адамдарға қолдау көрсетпек.
«Мүмкіндігі шектеулі адамдар қалай қорғалады деп ойлайсыз? Мәселен, анасы баласын мемлекетке өткізбей, 63 жасқа дейін арбада бағады. Мұндай отбасы қалай өмір сүреді?» - деді ол.
Салтанат Тұрсынбекова өзінің жеке тәжірибесімен бөлісті.
«Білесіз бе, менің екі мүгедек ағам бар. Жасы 40-тан асқан кіші ағамның бес баласы бар. Әйелі жұмыс істемейді, балалар мектепте оқиды, сен оларға қарауың керек. Менің ағамның екі бүйрегі де жоқ деуге болады, мәйіттік бүйрек. Түсінемін, келінім жұмысқа бара алмайды, балаларын, қарт анасын үйде қалдыра алмайды. Мен мұның бәрін 10 жыл бойы көрдім. Екінші ағам да Астанада 20 жылдан бері әлеуметтік баспана алу үшін кезекте тұр, кезегі әлі келмеді. Олардың қандай аз ғана жәрдемақысы барын, оның ештеңеге жетпейтінін білемін. Оның үстіне ел аралап, әр кездесуім мүмкіндігі шектеулі жандармен әңгімелесумен аяқталады. Мен елде неге ештеңе өзгермейтінін жақсы түсінемін. Бұның бәрін кейінге қалдыру - өзекті мәселелердің бірі», - деді ол.
Салтанат Тұрсынбекова өзінің сайлауалды бағдарламасында 1-2 топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларды бағып отырған азаматтардың зейнеткерлік жасын 58-ге дейін қысқартуды, ең төменгі жалақы мен күнкөріс деңгейін (зейнетақы жинақтары, жәрдемақылар және шәкіртақы) арттыруды енгізгенін айтты. Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тиімді шараларды қабылдау сынды маңызды жұмыстар да бар.
Еске салайық, 20 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс сайлауда Салтанат Тұрсынбекованы Президенттікке кандидат ретінде тіркеді. Сайлау 20 қарашада өтеді.
Салтанат Тұрсынбекованың штабының
Баспасөз хатшылығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT