Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Президент сайлауы: Қазақстанның Азаматтық альянсы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Қазақстанның Азаматтық альянсы Президент лауазымына қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы өз Жолдауында күзде Президент сайлауы өтетінін айтқан сәттен бері маған, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті, біздің бірлестіктің жоғары лауазымды тұлғасы ретінде көптеген өтініштер, телефон қоңыраулары келіп түсті. Олар қазіргі Мемлекет басшысының кандидатурасын ҚР Президенті лауазымына ұсынуымызды өтініп қана қоймай, талап етуде», - деді Бану Нұрғазиева ұйымның конференциясында.

Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті өңірлерден келіп түскен хаттардың бірін оқыды және Қазақстан Азаматтық альянсының Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ҚР Президенті лауазымына ұсынуды қолдайтындары туралы мәлімдемені күн тәртібіне шығарды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 26 мүше-өкілетті өкілдердің барлығы қолдап дауыс берді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521