Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Президент: Біз азаматтарымыздың табысын арттыруымыз керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

«Біз бүгін еліміздің әлеуметтік-экономикалық қорытындыларын талқылаймыз. Өткен жылы ел экономикасы 4 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібі, 5,5, құрылыс индустриясы 7,6 пайызға артты. Қызмет көрсету саласында оң үрдіс бар. Сауда-саттық 9,2, көлік саласы3,6 пайызға артты. Дегенмен инфляция межелі деңгейден асып кетті. Бұл көрсетікш 8,4 пайыз болды. Өкінішке қарай, «Қатар оқиғасы» қалыпты өмірімізді түбегейлі өзгертті. Заңсыз әрекет салдарынан көп азамат зардап шекті. ШОБ өкілдері шығынға ұшырады», деді ол. Президент атағандай, қазіргі мәлімет бойынша бизнеске 100 млрд теңгеден астам шығын келді.

«Жаңа Үкіметтің алдында еліміздің экономикалық әлеуетін толық қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл - үлкен маңызды міндеті. Сондықтан оны басымдықтардың бірі ретінде қарастыруымыз қажет. Жоспарланған реформаларды жүзеге асыру және инфляцияны төмендету – басты міндеттердің бірі. Ең бастысы – біз азаматтардың табысын арттыруымыз қажет», деді Тоқаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521