Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Атыраудағы Полипропилен зауытының құрылысымен танысты

Депутат Қарабатан салынып жатқан қарқынды құрылыс жұмыстарымен танысу үшін арнайы барды және жұмысшыларға референдумның маңызы туралы насихат айтты.

"Референдум - Жаңа Қазақстанды құруға арналған басты қадам. Біз экономикасы қуатты, әлеумет әлеуеті дамыған ел үшін дауыс беруіміз керек. Референдумға қатысу - болашақ үшін жасалған қадам" деді депутат Дүйсенбай Тұрғанов.

Мәжілісмен жұмысшылармен кездесіп, олардың ой-пікірін тыңдады.
Қазір зауытта полипропиленнің алғашқы партиясын алуға дайындық жүріп жатыр. Желтоқсан айында пропан қабылдау басталады.

Зауыт қызметкерлерінің айтуынша, су мәселесі өзекті. Бүгінде тіршілік нәрі Қиғаш өзенінен алынып жатыр. Бірақ болашақта су тапшы болуы мүмкін деген болжам бар.

Қазіргі таңда зауытта 2700 адам жұмыспен қамтылған. Оның 200-і Қытайдағы баламалы зауыттан келіп жұмыс істеп жатыр. Жалпы 1200 шетелдік азамат еңбек етуде.

Алдағы уақытта зауыт жылына 500 тонна полиэтилен шығаруды жоспарлап отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521