Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Парасат жолы» орталығы ашылды

Қоғамда парасаттылықты, адалдықты насихаттап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Ойыл ауылдық округінің «Шалқыма» мәдениет үйінің кітапханасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» орталығы ашылды.

«Парасат жолының» кітапханалардан басталуы заңды. Себебі парасаттылықтың қайнар көзі – кітапта. Кітапхана парасаттылықтың ордасы болғандықтан, орталық кітапханаларда ашылып, атауының «Парасат жолы» деп аталып отыр. Бұл сөзде үлкендер жастарға жол көрсетсін деген мән жатыр. Орталықтың ашылу салтанатына ардагерлер кеңесінің төрағасы, мәдениет саласының ардагері, білім, мәдениет саласының қызметкерлері мен жастар жетекшісі шақырылып, орталық мүшелері және орталық жетекшісі болып Ойыл ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Шоңбасова бекітілді.

Аталған шарада «Жемқорлық — елді тонау, Отанды сату. Онымен күресу үшін жастардың рөлі зор. Әр жас жаман пиғылдан арылатын болса, болашағымыз баянды болмақ» деген ой-пікірлер ортаға салынып, соған сәйкес жоспар бекіту ұсынылды. Артынша «Парасат жолы» атты көрме ұйымдастырылды.

Гүлдана САЛАМАТОВА,

Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521