Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ПӘТЕР АЛУҒА МҮМКІНДІК БАР

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы алғашқы Жолдауын зор ықыласпен тыңдадым. 

Онда мемлекет басшысы «Қазіргі кезде зейнетақы жинағының жетіспеушілігі онша сезілмейді. Алайда 10 жылдан кейін жағдай өзгеруі мүмкін. Жұмыс істеп, зейнетақы қорын толықтырып жатқан азаматтар саны азаяды. Ал зейнеткерлер саны арта түседі. Бұл ретте зейнетақы активінен түсетін инвестициялық табыс пен жинақ деңгейі төмен болып қала бермек. Сондықтан Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізуі керек. Қазір жұмыс істеп жүрген адам өзінің зейнетақы жинағын тек зейнетке шыққаннан соң ғана пайдалана алады. Бірақ олардың бұл қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдаланғысы келетіні түсінікті жағдай. Жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды Үкіметке тапсырамын», - деді.

Осы орайда, ең алдымен назар аудартқаны – халық зейнетақы жинақтарын баспана сатып алу мен білім алуға пайдалануға болатындығында болып отыр. Бұл әлеуметтік жағдайды көтеруге үлкен көмек. Сондықтан, зейнетақы жинақтары арқылы пәтерге қол жеткізіп, балаларымыздың білім алуына зор септігі тиіп жатса керемет емес пе?!

Гүлшат ҚАЛИЕВА,

Сағыз ауылы

Сурет: Ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT