Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Отбасы - қуат көзі

Наурызнама онкүндігінде 16 наурыз отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған. Шаңырақ отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың жалғасуының символы.

Статистикалық мәліметтерге тоқталсақ. Былтыр Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артық. Орташа неке жасы: ерлер – 27,9 жас, әйелдер ¬– 25,2 жас. Ең көп неке шілде айында тіркелген – 13 739. Отбасы – бұл әр адамның өміріндегі басты құндылық, күш, қуат, жақсылық, үйлесімділік көзі. Қазақ халқы отбасының адам өміріндегі маңыздылығын, оның білім берудегі және болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін терең түсінген.

«Жанұясыз адам – жеміссіз ағаш», «Баланың бас ұстазы – ата-анасы», «Отбасының сәні – сыйластық», «Ата – асқар тау, ана – бауырыңдағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз» деген мақалдың өзі соның айғағы. Ал сіз отбасы туралы қандай мақал-мәтел білесіз, пікірге жазыңыз.

@ortcom_kz #CCS

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT