Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, іргесі мықты екені даусыз.
Десек те, еліміздің жаңа мүмкіндіктерге бет алуымен қатар, мәселелер де күн санап көбеюде. Оның бірі - отбасындағы тәрбиенің аздығы. Халқымызда “Тәрбие - тал бесіктен” деген жақсы сөз бар. Ұлтымыздың діні мен тілі жоғалмас үшін мейлінше жас ұрпақтың тәрбиесіне ерекше назар аудару қажет.
Егер де жас ұрпақтың тәрбиесіне көңіл бөлер болсақ, баламыздың отбасына деген құрметі мен сүйіспеншілігі арта түседі. Ал, отбасын сүйген ұрпақ отанына да адал болатыны сөзсіз. Осы орайда, “Атаңның баласы болма, адамның баласы бол” деген мақал еріксіз еске оралады. Өкінішке орай, бүгінде тәрбиенің жеткіліксіздігі салдарынан әке-шешесін құрметтемеу белең алып келеді.
Бұл өте жүректі ауыртатын жағдай. Сондықтан, барша ата-аналар қашанда бала тәрбиесін басты орынға қойып, отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Бұл біз бен сіздің басты Отан алдындағы борышымыз.
Нұсәуле Жауынбаева,
жауапты хатшы-бас редактордың орынбасары