Атырауда Қостанай халқына волонтерлік және гуманитарлық көмек қабылдайтын орындар белгілі болды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Волонтерлік қолдау білдіремін деушілер Атырау қалалық жастар ресурстық орталығына, яғни, Нұрсая ықшамауданындағы 23 үй мекен-жайына немесе +7 (778) 512-35-53 байланыс телефонына хабарласуына болады. Ал, гуманитарлық көмек беру үшін Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 79 А мекен-жайында орналасқан партияның облыстық филиалы ғимаратындағы ұйым жанынан құрылған Атырау облысы бойынша штабқа немесе 87011470094 байланыс телефонына хабарласу қажет. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай Қоғамы» ҮЕҰ Атырау облыстық филиалының көмек көрсету ұйымының трансферттерін қабылдау Әбілқайыр хан даңғылы, 79 мекен-жайындағы Атырау Көрме орталығында (Салтанат Сарайының жанында) өтеді. Барлық сұрақтар бойынша 87077506545 телефонына хабарласуға болады.