Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҰОС жеңісінің 80 жылдығына орай 42 мың адам естелік медаль алады

Қорғаныс министрлігінде қазақстандықтарды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай марапаттау жоспары туралы айтылды, деп хабарлайды корреспондент Tengrinews.kz. 

Ведомствода соғыс және тыл ардагерлерін құттықтау жыл сайын өткізілетінін еске салды.

"Қорғаныс министрлігі әскери-патриоттық іс-шараларды жоспарлады және өткізуде, ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу және олардың подіктерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша жұмыс жүргізуде. Министрлік желісі бойынша ардагерлерді мерейтойлармен, мемлекеттік мерекелермен құттықтау тұрақты негізде жүргізіледі", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі редакцияның сұрауына жауап ретінде Tengrinews.kz.

Сондай-ақ, көптеген қазақстандықтар естелік медальдарға ие болады.

"Жеңістің 80 жылдығына орай 42 мың адамға естелік медаль тапсыру жоспарланған. Ол бірінші кезекте Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған. 7 және 9 мамырға дейін өзге де іс - шараларды өткізу туралы ақпарат Министрліктің сайтында жарияланады", - делінген жауапта. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT