Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Орталық активтері қайта жаңғыртылуда

Қазір аймақта жылу энергиясын өндіретін Атырау жылу электр орталығының қолданыстағы активтері қайта жаңғыртудан өтуде.

Бұл жұмыстарға кәсіпорында ұйымдастырылған баспасөз турында көз жеткіздік. Жергілікті атқарушы билік органдары, облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің өкілдері, мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділері қатысқан іс-шарада “Атырау жылу-электр орталығы» АҚ бойынша 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның орындалысы баяндалды.

Акционерлік қоғамның президенті Мақсот Әленовтың сөзінше, былтыр бес жыл мерзімге қабылданған инвестициялық бағдарлама аясында ДП-225/65 типті деаэратор, ТН- 2500 айналмалы су тазарту машинасы, Ду-1400 Ру-10 жиынтықтағы электр қозғалтқышы бар ысырма қайта монтаждалды. Сондай-ақ механикалық қоспалардан арнаның айналымдағы суын тазартуға арналған сүзгі материалдары, қазандықтарды дренаждау желісін монтаждауға мүмкіндік беретін электр қозғалтқышы бар сорғылар жаңартылды.

– Биылғы жоспарға сәйкес жылу энергиясын өндіру және жабдықтау бойынша 434 386,59 мың теңге көлемінде инвестициялық бағдарлама бекітілді. Нәтижесінде орталықтағы энергетикалық жабдықтар, қазандық цехына арналған жабдықтар мен автотехника секілді дүниелер жаңартылып, қайта жаңғыртудан өткізіледі, — дейді кәсіпорын басшысы.

Дәулетқали АРУЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521