banner_damu

Орталық сайлау комиссиясы ADAL партиясының тізімін тіркеді

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауына «ADAL» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 89-бабына сәйкес, тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының 30 пайызынан аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім жіберіледі. Партиялық тізімде әйелдер мен 29 жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс», - деді ҚР ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов. Оның айтуынша, «ADAL» партиясының партиялық тізімінде 16 адам бар, оған бес әйел және 29 жасқа толмаған азаматтар енгізілген. Яғни бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,2 пайызын құрайды. Орталық сайлау комиссиясы уәкілетті органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. «Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және «Сайлау туралы» конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», - деді ол. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясының мүшелері «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына «ADAL» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы» қаулы қабылдады. inform.kz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика