Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қорғаннан қорым табылды

Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылдық округі аумағында Қаратөбе, Талқұдық жəне Қарақұдық қорғандарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының барысында көне Сармат дəуіріндегі сақ жауынгерлерінің мүрдесі табылды.

Экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жанындағы Х.Табылдиев атындағы ғылыми-зерттеу институтының директоры Сайфолла Сапановтың айтуынша, аталған қорғандардағы қазба жұмыстары осы жылғы мамыр айының 24-інде басталған.

Оған университет докторанты Амангелді Зайыров, аға оқытушы Гаухар Айдосынова,, басқа да институтың жауапты қызметкерлері мен тарих-археология бөлімінің студент-практиканттары қатысуда.

Айта кету керек, осы мақсатқа университет басшылығы арнайы қаржы бөлген. Енді атыраулық тарихшы-археологтар ашқан жаңалыққа нақтырақ тоқталсақ, алдымен бір жауынгердің мүрдесі табылған. Бұл экспедиция мүшелері жұмысқа кіріскен бесінші күн болатын.

- Бір ерекшелігі, қорған ешқандай тоналмаған, бүтіндей сақталған, шекарасы бұзылмаған. Жауынгердің өзі жойқын шайқастардың бірінде қатты жарақаттанған болуы керек, оң қолы сынған. Былайынша айтқанда асқан батырлықпен көзге түсіп, ерлікпен қаза тапқан деуге болады.

Соған сай жерлеу кезінде жауынгерге үлкен құрмет көрсетілген. Құрал-саймандары, ұстап-тұтқан заттары қорымға бірге қойылған. Соған қарап оның өмір сүрген дəуірі, сол кезеңдегі сақ тайпаларының тұрмысы, салт-дəстүрі, əдет-ғұрпы, əл-ауқаты, т.б. туралы мол мағұлмат алуға болады. Жəне бір айтарым, қазба жұмыстарының кезінде бұдан бөлек, осы қорғаннан тағы да екі сақ жауынгерінің мүрдесін таптық. Бұл да соңғысы емес деп ойлаймын. Соған қарағанда, мұнда тұтас бір қорым болған деп тұжырым жасауға негіз бар.

Дəулетқали АРУЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521