Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Open space» технологиясы енгізілді

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде журналистер үшін пресс-тур өткізілді. Пресс-тур барысында, Агенттікте енгізілген «Open space» технологиясы таныстырылды.

Агенттіктің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева аталған технологияның артықшылықтары, бюджет қаражатын үнемдеу және әкімшілік шығындарды оңтайландыру туралы әңгімеледі. «Жеке қасиеттерді дамыту, өзін жетілдіруге бағытталған құндылықтар жүйесі мен жоғары моральдық қалып бұл – Агенттік жүктеген кадрлық саясаттың маңызды басымдықтары саналады.

«Өзгерістерді өзіңнен баста» принципін жүзеге асыру мақсатында 2018 жылы Агенттікпен жаңа еңбекақы жүйесі сынақтан сәтті өткізілді. Ескі қызметтік куәліктен бас тартылып, дамыған елдердің үлгісінде ID карталар қолданылуда. Агенттіктің саясаты барынша қызметтің ашықтық принципіне негізделген. Биылғы жылдан бастап Агенттіктің елордалық Департаменті өзінің форматын және кеңсесін өзгертті. Мемлекеттік басқару академиясының ғимаратындағы Департаменттің жаңа кеңсесінде «Open space» технологиясы қарастырылған. Күні бүгінге дейін барлық қызметтер «кабинет форматында», яғни жабық түрде жүргізілетін. Ал, бүгінде Департамент мамандары ашық алаңда қызмет етеді»,– деді Жазира Жылқышиева.

Оның айтуынша, алаңды қысқарту Агенттіктің орталық аппаратының штатын 30 пайызға оңтайландыру есебінен жүргізілген. Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелері ашықтық принципімен жұмыс істеуде. Егер бұрын басшының орынбасарлары және басқарма басшылары жеке кабинеттерге ие болса, бүгінде олар қызметкерлермен бірге бір алаңда қызмет етеді. Департаменттің штаттық саны 47-ден 32-ге дейін яғни 32 пайызға оңтайландырылған. Кадр, заң қызметі, есеп және мемлекеттік сатып алу функциялары Агенттікке орталықтандырылды.

«Бұрын 20 пайыздық оңтайландыру-дан ай сайынғы үстемеақы қызметкер-лердің лауазымдық жалақыларынан 30 пайыз құраса, бүгінгі таңда 32 пайыздық оңтайландырудан үстемеақы 50 пайыз-ға көтерілді. Мәселен, қатардағы маманның негізгі лауазымдық жалақысы 220 мың теңгені құраса, ең төменгі 50 пайыз үстемеақы – 110 мың теңгені құрайды, бұл айына шамамен 330 мың теңге. Бұдан басқа, алаңдарды оңтайландыру және әкімшілік шығындарды үнемдеу есебінен жоғары тиімді қызметкерлерге 50 пайыздан жоғары қосымша көтермелеу белгілеуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар, өткен жылғы жұмыс тиімділігінің нәтижесі бойынша 4 және одан жоғары жалақы мөлшерінде бонустар қарастырылған», – деді ол.

Жазира Жылқышиева бұрын Департаменттің «Есіл» ауданы әкімдігінің ғимаратында қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындары 14 миллион теңгені құраса, қазіргі уақытта шығындар 4 есеге азайып, 3,5 миллион теңгені құрағанын атап өтті. (коммуналдық қызметтерге кететін шығындар).

Сондай-ақ, Департаменттің ескі қаланың орталығына орын ауыстыруы өте қолайлы. Себебі барлық қалаға қарасты мемлекеттік органдар, сонымен қатар әкімдік пен Агенттіктің «Астана адалдық алаңы» жоба кеңсесі елорда әкімдігінде орналасқан. «Әкімшілік шығындарды оңтайландырудың пайдасы мол. Тиімсіз және нәтижесіз қызметкерлер қысқартылды. Мемлекеттік қызметтің тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігі артты. Мұның барлығы жұмыстың нәтижесіне оң әсер етті», – деп қорытындылады елордалық департамент басшысы Жазира Жылқышиева.

Астанада жоба кеңсесінің ұсынуымен Open space форматында Сарыарқа ауданы әкімдігі де жұмыс істейді. Осы жылы тағы да елорданың бірнеше мемлекеттік органдарын реконструкциялау жоспарлануда. Және болашақта еліміздегі әр мемлекеттік мекеме азаматтар үшін қолайлы және ашықтық принципі бойынша жұмыс жасайтын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521