Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Облыстық ауруханада карантин аяқталып, жұмыстары жалғасуда

«22 сәуірден бастап, медициналық мекеме емделушілерді шұғыл​ жағдайда қабылдай бастады» деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдай режимін қалыптастыру жөніндегі шұғыл штаб.​

Карантин аяқталғанан кейінгі алғашқы күнде ​ 160 медициналық қызметкер жұмысқа шықты. Олардың барлығында коронавирус инфекциясына​ қайта тапсырылған тест нәтижелері расталмады.

Бүгінде медициналық мекемеде жеті бөлім мен реанимация жұмыс істеп жатыр. Аурухана толықтай дезинфекцияланды, дәрігерлер, медбикелер мен санитарлар қорғаныс костюмдерімен қамтамасыз етілген.​ «Біз енді-енді ашылып жатырмыз. Дәрігерлер кезең кезеңімен жұмысқа тартылады. Қызметкерлермен психолог жұмыс істеді. Заңгерлер еңбек ақысын төлеу​ және жұмыс уақытына байланысты мәселелерді талқылауда. Бұл жұмыстардың барлығы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен заңды негізде жүзеге асуда» деп атап өтті Атырау облыстық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Бауыржан Ахметқалиев.

​ Қазіргі таңда облыстық аурухана емделушілерді шұғыл жағдайда ғана қабылдауда. Жоспарды операциялар уақыты кейіне шегерілді. Қабылдау бөлімінің өзі провизорлық және таза аумақ болып​ екіге бөлінді.​ ​ Бірінші аумақта Covid-19 инфекциясының айқын белгілері бар​ емделушілер​ қабылданады. Таза аумақта басқа науқастар қабылданады.​ ​ «Бүгінде ауруханадағы санитарлық және эпидемиологиялық қорғаныс шаралары бұрынғыдай емес, күшейтілді. Бұған дейін аурухананың аймақтағы коронавирустың таралу ошағына айналуы біз үшін үлкен сабақ болды. Қателіктерден сабақ алынды. Ендігі жерде біздің дәрігерлеріміз ең алдымен өздерін максималды түрде қорғау арқылы, мыңдаған науқастардың денсаулығын сақтай аларына сенімді» деп нақтылады Бауыржан Ахметқалиев.​

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT